Түркияның Дүзже провинциясында орналасқан Прусиада-на-Гипии көне қаласында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде Македония патшасы Ескендір Зұлқарнайынға тиесілі бас мүсіні табылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Конуралп аймағындағы көне қалада мәдени құндылықтар және мұражайлар бас дирекциясының рұқсатымен жүргізілген қазба жұмыстарында жаңа олжалар табылған. Қазба жұмыстары кезінде археологтар топырақтың ішінде бірнәрсе барын түсінген бойда қазбаларды егжей-тегжейлі зерттеп, бас мүсін екені анықталған сәтте оған зақым келтірместен орналасқан жерден шығарып алған. Содан кейін оны Конуралп мұражайына жеткізген.
Сондай-ақ, табылған бас сүйек осы саланың мамандары тарапынан зерттеліп, нәтижесінде бас сүйек Македония патшасы Ескендір Зұлқарнайынға тиесілі екені анықталды. Осылайша б.з.б. ІІ ғасырға жататын 23 сантиметрлік (басынан мойынға дейін) "Ескендір басы" табылған.
- "Мәрмәрдан жасалған терең және жоғары түзу қараған көздер, қарашығында бұрғы іздері және сәл ашылған аузы бейнеленген. Оның мойынға дейін түскен бұйра шаш үлгісі мен маңдайының ортасынан артқа және екі жаққа бөлінген екі бұрым шашы (Анастоли) арыстанның жалына ұқсайды. Бұл сипаттама Ескендір Зұлқарнайынға тән шаш түрі", - деп жазылған мұражай таратқан мәлімдемеде.