Түркиядан Қазақстанға заңсыз тауар өткізбек болған 7 шетел азаматы ұсталды

390

Олар Қарағанды әуежайында қолға түсті.

Түркиядан Қазақстанға заңсыз тауар өткізбек болған 7 шетел азаматы ұсталды Фото: ҚР МКК

2 қыркүйекте "Әуежай-Қарағанды" кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ "Қарағанды" шекаралық бақылау бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, Қарағанды қаласының "Сары-Арқа" халықаралық әуежайында Түркия Республикасының 7 азаматының декларацияланбаған тауарларды әкелу фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды Inbusiness.kz Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.

Антальядан авиарейспен келген және жасыл дәліз арқылы кедендік шекараны кесіп өткен жолаушылардың қол жүгі мен багажын кедендік бақылау барысында құрылысқа арналған тауарлардың декларацияланбаған коммерциялық партиясы анықталды. Жеке пайдалануға арналмаған тауарлар ұсталған тауарлар "Karagandy Technical Center" ЖШС уақытша сақтау қоймасына орналастырылды. Бүгінгі күнде тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды төлеу мақсатында кедендік құнды анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сондай - ақ, Түркия Республикасының 7 азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 551-бабының 1-бөлігі бойынша-30 АЕК немесе 103 500 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салумен тауарларды декларацияламау немесе дұрыс емес кедендік декларациялау бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу