Түркиядан кеткісі келетін қазақстандықтар қайда хабарласуы керек

514

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі апат аймағында болған және үйлеріне қайтқысы келетін Қазақстан  азаматтарын қайтару шараларын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Түркиядан кеткісі келетін қазақстандықтар қайда хабарласуы керек Фото: radikal-photo.ru

"Құрметті Қазақстан азаматтары! 2023 жылы 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығыс аумағында болған жер сілкінісіне байланысты, 7 ақпанда Газиантеп қаласындағы Қазақстан азаматтарын елге алып кету шаралары жүргізілуде. Осы ретте Қазақстанға қайтамын деген ҚР азаматы болған жағдайда, 7 ақпанда жергілікті сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процедуралардан өтіп (паспорт бақылауы, қауіпсіздік тексерісі т.б.), дайын болуы тиіс", - деп мәлімдеме жасады Ыстанбұлдағы Қазақстан консулдығы.

Сонымен қатар Қазақстанға оралуға ниетті азаматтардың тізімін құрастыру үшін міндетті түрде көрсетілген нөмірлерге хабарласу қажет: +90 538 880 70 41 (Консул Темірлан Сайлауұлы), +90 312 491 91 00 (кезекші комендант).

Түркиядан кеткісі келетін қазақстандықтарды Газиантеп әуежайы арқылы шығару жоспарлануда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу