Түркиядан ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу мәселелері талқыланды

1050

Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты талқылады.  

Түркиядан ұшқышсыз ұшу аппараттарын сатып алу мәселелері талқыланды

Қазақстанның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Түркия Республикасы Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Мұхсин Дерені қабылдады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев бірлескен кәсіпорындарды құрудағы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде, сонымен қатар Түркия әскери оқу орындарында білікті мамандарды даярлаудағы әскери-техникалық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласов түрік әріптесі Мұхсин Деремен кездесу барысында түрік елінің ірі қорғаныс компанияларымен ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын.  

Тараптар қазақстандық кәсіпорындардың бірінде қызмет көрсетуін одан әрі оқшаулау арқылы, ұшқышсыз ұшу аппараттарының түрлерін сатып алу, сондай-ақ Түркияның бронды танк қару-жарағын шығаратын кәсіпорындардың мүмкіндігімен танысу мәселелерін талқылады.

Түрік делегациясының Ұлттық қорғаныс университетін аралау барысында әскери білім беру шеңберіндегі ынтымақтастық талқыланды. Қонақтар Ұлттық қорғаныс университетінің оқу-материалдық базасымен және ЖОО-ның даму перспективаларымен танысты.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Түркия Республикасының әскер түрлерінің оқу орындарында ҚР ҚК-нің 26 курсанты мен офицері білім алуда. 1997 жылдан бастап барлық кезеңде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесі бойынша барлығы 200-ден астам адам, курстық даярлау жүйесі бойынша 300 адам оқыды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу