Түркиядан ұшып келген 102 қазақстандық карантинге оқшауланды

774

Олардың ішінде Павлодар облысы мен шекаралас облыстардың тұрғындары да бар.

Түркиядан ұшып келген 102 қазақстандық карантинге оқшауланды

Павлодарға Түркиядан ұшып келген 102 Қазақстан азаматынан COVID-19 белгілері табылмады Бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады, деп жазады pavlodarnews.kz.

"Құрметті Павлодар обысы тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей, әлемдегі коронавирус пандемиясына байланысты кеше Павлодарға Түркиядан 102 Қазақстан азаматы келді. Барлық 102 қазақстандық карантиндік госпитальда оқшауланды, олардың ішінде Павлодар облысы мен шекаралас облыстардың тұрғындары да бар",– деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м. а. Біржан Досмайылов. 

Біржан  Досмайыловтың айтуынша, барлығына сараптама жасалып, олардың нәтижесі белгілі болған.

"Қуанышымызға қарай, отандастарымыздың ешқайсысынан COVID-19 белгілері табылған жоқ. Қайталап айтамын, отандастарымыздың барлығының дені сау. Және де бұл азаматтар алдағы 14 күн ішінде дәрігерлердің бақылауында болады. Өзіңіз бен отбасыңызға қорған болыңыз", – деді басқарма басшысының м.а.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу