Түркияға 1 маусымнан бастап ПТР сынамасынсыз кіруге болады

701

Бұл шешім коронавирустық жағдайға байланысты қабылданды. 

Түркияға 1 маусымнан бастап ПТР сынамасынсыз кіруге болады

Түркия 1 маусымнан бастап барлық шекаралық пункттер арқылы елге кіру үшін ПТР анықтамасын сұрауды тоқтатады, деп хабарлады inbusiness.kz аталған елдің Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. 

"Коронавирустық пандемияға қатысты ағымдағы жағдайды бағалай отырып, 1 маусымнан бастап елге барлық шекаралық пункттер арқылы кіру үшін 72 сағат бұрын теріс нәтижесі бар ПТР-сынамасы немесе экспресс-антигеннің теріс сынамасы туралы анықтама талап етілмейді", – деп жазылған хабарламада. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу