KTZ Express АҚ мен Teryak group арасында ауыл шаруашылығы дақылдарын жіберу жөнінде келісімшарт жасалды.
"Түркиялық компаниямен 15 мың тонна жасымық жіберу жөнінде келісімшартқа қол қойылды. Жалпы бұл елге 600 контейнер жіберіледі", - деді KTZ Express АҚ бас директоры Нұрлан Игембаев. Оның айтуынша, бүгінде жасымық 10 контейнерге тиеліп, Ақмола облысы Азат станциясынан Түркияға жіберілген.
Айта кетейік, елімізде жасымық көбінесе солтүстік өңірлерде өсіріледі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу