Вице-президент Фуат Октай Кахраманмараштағы жер сілкінісі салдарынан 17 мың 674 адам қаза тапты деп мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz AA сілтеме жасап.
Октай AFAD үйлестіру орталығында 10 провинцияға әсер еткен Пазарджик пен Эльбистан аудандарындағы жер сілкіністеріне қатысты мәлімдемелер жасады.
Зілзаламен күресте күш салғандардың барлығына алғысын білдірген Октай соңғы тәулікте үйінділерден 121 азамат құтқарылғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта 29 622 құтқару тобы бар екенін айта келе, Октай олардың қызметі әр ауылға жеткенше аяқталмайтынын жеткізді.
Сонымен қатар, 75 елден 6 мың 479 іздестіру-құтқару жасағы келгенін мәлімдеді.
"Қазіргі уақытта 17 674 адам табиғи апаттың құрбаны болды деп өкінішпен айтамын. Жараланғандардың саны 72 мың 879 адамды құрайды", - деді Октай.