Түркияға әуе рейстерінің саны артады

868

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов демалыс маусымына байланысты Түркияға әуе рейстерінің саны артатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Түркияға әуе рейстерінің саны артады

Министр әуе рейстер санын арттыру бойынша Түркиямен келіссөз жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Бүгін Түркиямен әуе байланысы мәселесін талқыға салдық. Осыған дейін 20 әуе рейсі қысқарды. Қазіргі таңда бұл елге тұрақты ұшатын 12 әуе рейсі бар: "Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл", "Алматы-Ыстанбұл", "Түркістан-Ыстанбұл", "Шымкент-Ыстанбұл", "Алматы-Анталия", - деді Атамқұлов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, демалыс маусымы кезінде көптеген қазақстандық Түркияға демалуға барады. 

"Осыған байланысты біз ведомствоаралық комиссияға, тиісті органдарға, Түркиядағы әріптестерімізге сауал жібердік. Менің ойымша, алдағы уақытта Түркияға әуе рейстер саны артады. Бірінші, Анталия бағыты ашылатын шығар... Азаматтарымыз маусымда осы жаққа бара алады деген үміттеміз. Менің ойымша, бұл мәселе бір апта шешілуі керек. Кейін әуе рейсінің саны артады", - деп түйіндеді сөзін министр.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу