Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз – Тоқаев

1516

Қазақстан Түркиядағы апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын.

Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз – Тоқаев Фото: akorda.kz

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының "Апат және төтенше жағдайлар менеджменті, гуманитарлық көмек" атты кезектен тыс саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді халқымыз. Біз бауырлас Түркияға одан әрі қолдау көрсетуге дайынбыз. Осы орайда, апат аймағында әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенімізді айтқым келеді. Бұл бауырлас Түрік халқына шынайы ілтипатымыздың көрінісі болатынына сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу