Түркияға тағы 100 киіз үй жіберіледі

1164

Түркия Республикасының Қазақстандағы елшісі Уфук Екиджи мырза Астана қаласында БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді.  

Түркияға тағы 100 киіз үй жіберіледі Фото: inbusiness.kz

Баспасөз конференциясы барысында елші Қазақстаннан жіберілген қазақтың дәстүрлі 100 киіз үйі 11 провинцияға беріліп, қазір орнатылғанын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Түркия тарапынан оңай жиналып, орнатылатын үйге сұраныс болғандықтан Алматы қаласынан осы аптада тағы 100 киіз үй жіберілетін болды, деді елші.

7,7 және 7,6 баллдық жер сілкінісі 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш провинциясында болғанын еске саламыз. Қазір Түркияның зілзаладан зардап шеккен 11 провинциясында қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Соңғы деректер бойынша, Түркияда зілзаладан қаза тапқандар саны 50 мыңнан асты

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу