Түркияға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарға жеңілдік жасалады

110

Бұл жеңілдік түркітілдес елдердің азаматтарына да қатысты.

Түркияға жұмыс істеуге баратын қазақстандықтарға жеңілдік жасалады Фото: international.business/tr

Түркияның түркітілдес шетелдіктердің жұмыс істеу тәртібі туралы заңына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді бауырлас елдерден барған азаматтар жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бұрынғыдай көп құжат жинамайды.

Сонымен қатар жекеменшік емес мемлекеттік секторда да жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Ол үшін жұмыс істеуге барған адамда өзінің түркітілдес елдің азаматы екенін анықтайтын куәлік пен Түркияда уақытша тұруға мүмкіндік беретін жеке куәлігі болуы қажет.

Бұдан бөлек білімі мен мамандығын растайтын құжаттар да талап етіледі.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу