Түркиялық альпинист әлемдік рекорд орнатты

194

Түркиялық альпинист Левент Коч соңғы үш жылда әлемдегі ең көп шыңды бағындырған спортшы атанды.

Түркиялық альпинист әлемдік рекорд орнатты  Фото: Shutterstock/aaronj9

46 жастағы спортшы 2023 жылы 81, 2024 жылы 101, ал былтыр 70 шыңды бағындырып, үш жыл қатарынан әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтап қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты АЗЕРТАДЖ-ға сілтеме жасап. 

Ол Әзербайжан шыңдарына жасаған жорықтарымен де есте қалды. Осы уақыт ішінде Коч Әзербайжан елінде орналасқан Шахдаг тауын бағындырды. Альпинист Нахчыван автономиялық республикасындағы Хачадаг тауына да шыққан. Грузиядағы Қазбек тауы мен Ирандағы Демавенд тауы сияқты биік тауларға да экспедициялар ұйымдастырғанын атап өтті.

– Әзірбайжан тауларының мен үшін маңызы зор. Шахдаг пен Хачадаг шыңдарына шығу ерекше тәжірибе болды, – деді Коч.

Айта кетейік, Левент Коч Түркияның ең биік шыңдары: Агра, Сюпхан және Джило тауын да бағындырды. Бір жылда Аладагларада 80-90 шыңды бағындырды. 2024 жылы ол 101-мен жеке рекорд орнатты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу