Бұл құжат авиакомпанияның жолаушылар және жүк (cargo) рейстеріне қызмет көрсетуді көздейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қол жеткізілген уағдаластықтар еліміздегі халықаралық авиатасымалдаушылар үшін отын бағасының жүйелі түрде төмендеуінің нәтижесінде, сондай-ақ Үкіметтің, Алматы әуежайының және бұл саладағы арнайы оператор – "ҚазМұнайГаз-Аэро-ның" үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болды.
Turkish Airlines компаниясының Алматы әуежайы арқылы ұшатын жүк рейстердің санын ұлғайту жөніндегі шешімі карго тасымалының көлемін ұлғайтуға, негізгі халықаралық авиациялық әрі логистикалық хаб ретіндегі әуе айлағының рөлін күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұл шара – Мемлекет басшысының елдегі көлік-логистиканың әлеуетін дамытуға, отандық әуежайлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және шетел авиакомпанияларын тарту үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған тапсырмаларын орындау аясындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып саналады.
ҚМГ-Аэро жетекші халықаралық тасымалдаушылармен ынтымақтастықты кеңейту, сонымен қатар еліміздің әуежайларында отынмен қамтамасыз етуде ашық, тұрақты әрі бәсекеге түсе алатын жағдайларды жасау бойынша нақты жұмыстарды жалғастыра бермек.
Айта кетейік, Turkish Airlines – Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Авиакомпания 131 елге тұрақты рейстерді орындайды, бұл халықаралық ұшу географиясындағы әлемдік рекорд. Turkish Airlines флотында 500-ге жуық әуе кемесі бар.
Жүк тасымалдайтын Turkish Cargo бөлімшесі әлемдік көшбасшы компаниялар қатарына кіреді және дүниежүзі бойынша 340-тан астам бағытқа қызмет көрсетеді.