Түркиялық әуе компания Қазақстанға тікелей рейстер ашады

181

Әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. 

Түркиялық әуе компания Қазақстанға тікелей рейстер ашады Фото: inbusiness.kz

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

31 шілдеден бастап Қазақстанның әуе тасымалдары нарығына Түркияның SunExpress әуе компаниясы кіреді. Әуе компаниясы Алматы – Измир бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындай бастайды. Рейстер аптасына 2 рет (сейсенбі, жұма) Boeing 737 типті әуе кемелерімен жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Түркия арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу