Түркиялық әуе компаниясы Астана – Измир бағытын ашуды жоспарлап отыр

203

Ал, Алматы – Измир бағыты бойынша рейстер саны артады.  

Түркиялық әуе компаниясы Астана – Измир бағытын ашуды жоспарлап отыр Фото: slashgear.com

Түркияның SunExpress әуе компаниясы Астана мен Измир арасында тұрақты әуе рейстерін іске қосуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының SunExpress өкілдерімен кездесуінде белгілі болды.

Жаңа бағыт бойынша рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі күндері Boeing 737 ұшақтарымен орындалмақ.

Сонымен қатар 25 қазаннан бастап Алматы – Измир бағытындағы рейстер саны аптасына екіден үшке дейін көбейеді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, жаңа әуе қатынасының ашылуы және рейстер санының артуы Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік байланыстарды дамытуға мүмкіндік береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу