Түркиялық азамат “Жасыл Нобель” сыйлығын иеленді

804

Жыл сайын қоршаған ортаны қорғау бойынша белсенділерге The Goldman Environmental Prize сыйлығы беріледі.

Түркиялық азамат “Жасыл Нобель” сыйлығын иеленді

Жерорта теңізі аймағын қорғау қауымдастығының басқарма төрағасы Зафер Кызылкая "Жасыл Нобель" деп аталатын The Goldman Environmental сыйлығына ие болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

The Goldman Environmental Prize – "Жасыл Нобель" деп аталатын ең жоғарғы экологиялық марапаттардың бірі. 1989 жылы американдық филантроптар мен белсенділер Ричард пен Рода Голдман негізін қалаған және әлемнің алты аймағының өкіліне беріледі: Африка , Азия, Еуропа, Аралдар мен арал мемлекеттері, Солтүстік Америка, Оңтүстік және Орталық Америка.

Зафер Кызылкаяның айтуынша, аталмыш сыйлық оған теңіздердегі браконьерлікпен күрес, экожүйені бақылау мен қорғаудағы атқарған жұмыстары, сондай-ақ ерекше қорғалатын аймақтарды, атап айтқанда, Гөкова ауданына қарасты ерекше территорияны қорғау жүйесін насихаттау үшін берілді.

"Бұл үлкен мақтаныш. Түркия мұндай сыйлықты бірінші рет алып отыр. Қоршаған ортаны қорғау Голдман сыйлығы тағайындалмас бұрын, біздің жұмысымыз қаралды және біз жұмыс істейтін мекемелерден ақпарат алынды. Нәтижесінде олар Түркияның Жерорта теңізі аймағын қорғау қауымдастығының өкілі ретінде мені аталмыш сыйлыққа лайық деп таныды. Біз марапатты Түркия атынан қабылдаймыз", - деді Кызылкая.

Кызылкая қорғау жүйесі арқасында Гөковада браконьерліктің 90 пайызының алдын алынғанын айтты. Егер “2008 жылы Гөковада балық аулау бизнесі нөлге тең болса, қазір кірістер адам сенгісіз қарқынмен өсе бастады”, - деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу