Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

1022

Бұл жылыжай "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне 25 шақырым жердегі индустриалды аймақта орналасады.  

Түркиялық компания Түркістан облысында 200 гектар аумаққа жылыжай салады

Жуырда Анкарада өткен бизнес форумда Түркияның компаниялары мен Түркістан облысы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум жасалған болатын. Осы келісімге сәйкес, Түркістан қаласына Түркияның атақты "Dal Holding Investment CO" компаниясының еліміз бойынша бірінші басшысы Демирджан Кусе бастаған өкілдері келді. Инвесторларды қабылдаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев компания басшыларының Түркістанды дамыту бағытындағы ұсыныстарына қолдау көрсетуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Демирджан Кусе қазірдің өзінде нақты жобамен келгенін, облыспен танысу барысында өзге де жобаларды қаржыландыруға әзір екенін мәлімдеді. Атап айтсақ, "Dal Holding Investment CO" компаниясы жақында Кентау қаласында 200 гектар аумаққа заман талабына сай жылыжай кешенін салуды бастамақ.  Құны 500 млн АҚШ доллары болатын жоба арқылы 3000 жұмыс орны ашылмақ. Бұл жылыжай "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізіне 25 шақырым жердегі индустриалды аймақта орналасады.

33 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан бұл компания Оңтүстік Америка, Африка, Қиыр және Таяу Шығыс пен Орта Азияда түрлі жобаларды жүзеге асырған. Әлемнің түкпір-түкпірінде 2000 өкілі бар. Компания цемент шығару, тау кенін өндіру, машина жасау, автоматтандыру, өндірістік шаң-тозаңдарды жинайтын құрылғы жасау және энергетика саласында жоғары деңгейлі кәсіпорындар салумен де айналысады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу