Түркиялық Trendyol қазақстандық нарыққа шықты

1027

Түркия нарығына отандық өнімдер үшін қолжетімділік пайда болды. 

Түркиялық Trendyol қазақстандық нарыққа шықты

2022 жылдың мамыр айынан бастап Түркиядан Қазақстанға және керісінше ірі базар арқылы тауарларды жеткізу үшін логистикалық мәселелер пысықталып, бүгінде бұл мәселе шешілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Аймақтық маркетплейстерге қызмет көрсететін қазақстандық логистикалық компаниялардың бірі -Big Way KZ Түркиялық Trendyol компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Big Way KZ отандық нарықта логистикалық тауар айналымын жүзеге асырумен айналысып келе жатқан компания. Олардың шетелдік нарыққа шығуына әлеуеттері айтарлықтай зор. Бірлескен келісімнің арқасында енді Қазақстандық тауарлар Түркия нарығына тікелей, делдалсыз сатылатын болады.

Trendyol-ды Түркияда жергілікті Amazon немесе Alibaba деп атайды. Компанияның құны шамамен 16 миллиард доллар қаржыны құрайды. Көптеген қазақстандық Trendyol-мен таныс және көбінесе делдалдар арқылы тауарларға тапсырыс беруге тырысады. Бұл, әрине, Қазақстаннан келген клиент үшін жеткізу мерзімі мен бағасына әсер етеді. Енді делдалсыз, тікелей сатып алу мүмкіндігі туады деп жазды Бағдат Мусин телеграм каналында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу