Түркиялықтардың өмір сүру ұзақтығы қысқарды

609

Бұл туралы елдің Статистика комитеті хабарлады.

Түркиялықтардың өмір сүру ұзақтығы қысқарды Фото: aa.com.tr

Түркияда адам туған кезде күтілетін өмір ұзақтығы 77,5 жас болып белгіленді. Бұл көрсеткіш 2019-2021 жылдар аралығында 77,7 жыл болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Tүркия статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2020-2022 жылдар аралығында туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы 77,5 жас деп белгіленді. Өткен жылдардағы көрсеткішке қарағанда өмір сүру ұзақтығы қысқарғаны анықталды. Бұл кезең ерлер үшін орта есеппен 74,8 жасты, ал әйелдер үшін 80,3 жасты құрайды. Демек, әйелдер еркектерге қарағанда ұзағырақ өмір сүреді екен. 

Сонымен қатар, Түркияда 50 жастағы адамның орташа қалған өмір сүру ұзақтығы 29,8 жас болса, бұл кезең ерлерде 27,4, әйелдерде 32,2 жасты құрайды екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу