Түркиямен әуе қатынасы маусым айының соңында қайта жандануы мүмкін

687

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрі Әділ Қараисмаилоғлымен телефонмен сөйлесті.

Түркиямен әуе қатынасы маусым айының соңында қайта жандануы мүмкін

Тараптар екі елдің көлік саласындағы ынтымақтастығының биылғы жылғы І тоқсандағы қорытындысын шығарды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Теміржол көлігімен тасымал көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% артып, 239 мың тонна құраған. Ал автомобиль көлігі саласындағы өсім 42% болып, 65,2 тоннаға жеткен. Транскаспий Халықаралық Көлік бағытымен транзиттік тасымалдау көлемі 2 есеге ұлғайып, 7,4 мың контейнерге жетті.

Министрлер сондай-ақ екі елде де эпидемиологиялық жағдай жақсарса, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып алдағы маусым айының үшінші онкүндігінде әуе рейстерін қайта жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу