Түркиямен бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ - министрлік

379

Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Түркиямен бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ - министрлік Фото: gov.kz

Қорғаныс министрлігі мен түріктің "Otokar" компаниясы арасында 2 трлн теңгеге жуық сомаға бронды техниканы сатып алуға келісім жасалған жоқ. 

Ведомствоның мәліметінше, осы жайтқа қатысты желіде таралған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 

“Бүгінгі таңда түрік тарапымен бронды техниканы жеткізу бойынша ешқандай келісім жоқ. "Otokar" компаниясы бронды техника өндірушілерінің бірі ғана болып табылады, оның үлгілері қызметке қабылдау ережелерінде бекітілген рәсімге сәйкес жалпы негізде қаралады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі бұған дейін хабарлаған болатын. Бұл ретте техниканың басқа да шетелдік үлгілері қарастырылады”, - деп хабарлады министрлік. 

Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта аталған компанияның 8х8 бронды техникасының үлгісі отандық бронды техниканың үлгісімен қатар тәжірибелік сынақтардан өтуде. 

“Олардың нәтижелері бойынша техникалық талаптарға сай техниканың үлгісі айқындалатын болады. Естеріңізге сала кетейік, Қорғаныс министрлігі өз құзыреті шеңберінде мемлекеттің қорғаныс қабілетіне жауап береді және қару-жарақ пен әскери техниканың әртүрлі үлгілеріне қажеттілікке ие болып табылады. Бұл ретте қорғаныс ведомствосы үшін үлгілерді таңдау кезінде отандық және халықаралық сарапшылар мойындаған өнімнің сапасы басымдық беріледі”, - делінген хабарламада. 

Ведомство тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу