Наурыз айының соңында жауған қарға бас қаланың тұрғындары қатты таңқалды. Себебі, 1-2 күн бұрын ғана ауа температурасы 15-17 градусты көретіп тұрған. Адамдар қалың киімдерін шешіп, жеңіл-желпі киінуді бастап кеткен. Ал бүгін таңертең Анкара ақ көрпеге оранды. Қар әлі те тоқтаусыз жауып тұр.
Метеорологтар сәрсенбіде елдің 22 провинциясында, соның ішінде Анкара, Ескішехир, Конья, Қайсері, Сивас және Қырықкаледе қар жауады деп ескертті.
Сонымен қатар Ыстанбұлда да ауа райы күрт бұзылды. Шаһарда 2 күн бойы үздіксіз жауған жаңбыр соңы бүгін таңертең қарға ұласты. Қаланың биік жерде орналасқан кейбір аудандарында қар жауды.