Түркияның Адана қаласында екі рет жер сілкінді

614

Түркияның Адана қаласында 4,5 және 4,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Анадолу агенттігіне сілтеме жасап. 

Түркияның Адана қаласында екі рет жер сілкінді Фото: google

Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше Адананың Сәлімбейлі ауданында Түркия уақытымен күндізгі сағат 11:33-те 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі шамамен 7 шақырымға жетті. Арадан 3 минут өткен соң, яғни 11:36-да 4,3 балдық кейінгі дүмпу тіркелді. Оқиға орнынан хабар таратқан журналистердің хабарлауынша жағымсыз жағдай орын алған жоқ.

Айта кетейік бүгінге дейін Түркияда 33 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу