Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан зардап шеккендер қатарында Қазақстан азаматтары бар болып шықты

930

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түркияның Алания қаласында болған жол апатынан зардап шеккендер қатарында Қазақстан азаматтары бар болып шықты Фото: ntv.com.tr

"Бүгін таңертең Алания тас жолында микроавтобус пен жүк көлігі соқтығысып, жол-көлік апаты орын алды. Оқиға салдарынан зардап шеккендер бар. Алдын ала алынған мәліметке сәйкес, автобуста Қазақстан азаматтары болған. Оқиғаның барлық мән-жайы мен біздің азаматтарымыздың жағдайын анықтау үшін ҚР консулы аталған өңірге шұғыл түрде жолға шықты", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу