Түркияның арнайы қызметтері Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушыны жойды

624

YPG/ PKK содыры Түркияның Ұлттық барлау ұйымының операциясы барысында Сирияда ұсталды.  

Түркияның арнайы қызметтері Ыстамбұлдағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушыны жойды Фото: aa.com.tr

Түркияның ұлттық барлау ұйымы (MİT) Сирияның солтүстігінде YPG террористі Халил Менджиді жою бойынша сәтті операция жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz AA сайтына сілтеме жасап.

Ол Ыстамбұлдағы Истиклал көшесінде террорлық шабуыл ұйымдастырып, оған белсенді қатысқан.

2022 жылғы 13 қарашада Ыстамбұл Таксим ауданында алты адам жарылыстың құрбаны болды, 81 адам жарақат алды.

Түркияның барлау агенттіктерінің хабарлауынша, Менджи екі адамды - Ахлам Албасхир Салех пен Билал Хассанды  басқару арқылы барлығын ұйымдастырған, ал соңғысы оның көмегімен шетелге қашып үлгерді.

Шабуылдан кейін YPG басшылары Сирия территориясындағы лаңкестік әрекетті ұйымдастырушыны қорғауға тырысты.

MİT мәліметтері бойынша, Халил Менджи 2023 жылдың 22 ақпанында Қамышлы ауданында өлтірілді.

АҚШ пен Еуропалық Одақ PKK-ны террористік ұйымдардың тізіміне енгізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу