Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды

680

Зардап шеккендер туралы хабарланған жоқ.  

Түркияның батысында 6,6 балдық жер сілкінісі болды

Түркияның батысында жұма күні магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия үкіметі жанындағы Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасының (AFAD) хабарлауынша, жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 14.51-де, Измир провинциясы Сеферхисар ауданындағы Эгей теңізінің жағалауында тіркелген.

Зілзала ошағы –  16,5 шақырым тереңдікте.

Жер сілкінісі 15 секундқа созылып, Түркияның батысындағы көптеген провинцияда сезілген.

Түркия ІІМ хабарлауынша, зілзала салдарынан Измир қаласының Борнова және Байраклы аудандарында алты тұрғын үй қираған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу