Түркияның батысында тағы жер сілкінді

267

Бұл туралы Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеді.

Түркияның батысында тағы жер сілкінді Фото: aa.com.tr

Түркияның батысындағы Кютахья қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ақпаратқа сәйкес, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 07:23-те (Қазақстан уақытымен 09:23) қаланың батысындағы Симав ауданында тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан.

"Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болып, кем дегенде 236 адам зардап шеккенін жаздық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу