Түркияның Денсаулық сақтау министрі Ердоғанның денсаулығы туралы айтты

1099

Денсаулық сақтау министрі Фахраттин Қожа ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның денсаулығы қазір қалыпты  жағдайда деп мәлімдеді.

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Ердоғанның денсаулығы туралы айтты Фото: © POOL

Түркияның Денсаулық сақтау министрі Фахраттин Қожа ел президенті Режеп Тайип Ердоғанның денсаулығы қазір қалыпты  жағдайда деп мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz Хабар 24-ке сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, президент асқазан-ішек жолдарының қабынуына душар болған. "Мен бүгін таңертең оның жанында болдым. Оның жағдайы жақсы, қалыпты", - деді Фахраттин өз сөзінде.

Сондай-ақ министр мемлекет басшысы қазір ауыр халде жатыр және саясаткерде инфаркт болды деген кейбір халықаралық агенттіктердің таратқан ақпаратын жоққа шығарды. Ел президенті жұмысына кірісіп, кезекті шараларға қатысуын жалғастыруда, - деді ол.

Естеріңізге салайық, таяуда Түркия президенті тікелей эфир кезіндегі сұхбатын шұғыл тоқтатқан болатын. Сөйтіп, сайлауалды бірқатар шараларын кейінге қалдырған. Саяси маңызды жиындарға ол қазір онлайн қатысып жүр. Түркияда президенттік және парламенттік сайлау мамырдың 14-іне жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу