Түркияның Диярбакыр провинциясында атыс болды

628

Түркияның Диярбакыр провинциясында атыс болды

Диярбакыр провинциясында атыс болып, салдарынан екі адам қаза тапты, төртеуі жараланды. Оқиға Ябанарды елдімекеніндегі сайлау учаскесінің маңында болған, деп хабарлайды 24.kz.

Алдын-ала болжам бойынша екі отбасы мүшесі бір-біріне оқ атқан. Қақтығысқа олардың қарама-қайшы саяси көзқарасы себеп болған.

Айта кетейік, референдум билікте президенттің өкілеттігін арттыруға бағытталған. Егер оны қолдағандар жеңіске жетсе, президент министрлер мен сот және прокурорларды өзі тағайындап, бюджетті жоспарлауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар парламентті таратып, төтенше жағдай жариялай алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу