Түркияның Елазығ қаласында 4,6 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше бүгін Түркия уақытымен түнгі сағат 01:44-те Елазығтың Сивриже ауданында 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Тереңдігі 11 шақырымға жетті.
Айта кетейік, 2020 жылы Елазығ қаласында 6,5 балдық зілзала болған. Онда 41 адам қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу