Түркияның ең үлкен әскери кемесі қолданысқа дайын

1320

Түрік әскери-теңіз күштерінің басты кемесі саналатын “TCG Anadolu” санаулы күннен соң қолданысқа беріледі.

Түркияның ең үлкен әскери кемесі қолданысқа дайын Фото: Anadolu Agency

Түркияның Қорғаныс өнеркәсібінің төрағасы Исмаил Демир “TCG Anadolu” дүйсенбі күні салтанатты түрде әскери-теңіз күштеріне тапсырылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайтының Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

Анкарада Қорғаныс өнеркәсібі тарапынан әскери-теңіз күштері үшін жүргізген

MILGEM бағдарламасы бойынша 3 жаңа фрегат жасау туралы келісімге қол қойылды. 36 айдың ішінде әскери кемелерді жеткізу жоспарланған. Ал Қорғаныс өнеркәсібі президенті Исмаил Демир “TCG Anadolu” кемесі дүйсенбі күні салтанатты түрде әскери-теңіз күштері қолбасшылығына жеткізілетінін айтты.

Шарадан кейін БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген Демир Байрактар ​​TB3-тің TCG Anadolu-ға интеграциясын биыл аяқтау жоспарда бар деді. Сонымен қатар Хүржет жауынгерлік оқу-жаттығу ұшағы кеме платформасына қона алады. Ал Анка-3 ұшқышсыз ұшу аппараттарын орналастыру туралы айту әлі ерте, - деді Демир.

Көп мақсатты амфибиялық шабуыл кемесі (LHD) жобасы аясында әзірленген Anadolu кемесі үй базасының қолдауын қажет етпестен, өзінің логистикалық қолдауымен белгіленген жерге ең аз батальондық күштерді тасымалдай алады.

TCG Anadolu 4 механика, 2 ауа жастықшасы және 2 адам шығару көлігі, сондай-ақ ұшақтар, тікұшақтар және ұшқышсыз ұшатын аппараттарды қосқанда 94 көлік тасымалдайтын күшке ие. Аталмыш кеменің ұзындығы 231 метр, ал ені 32 метр. Толық жабдықталған кезде оның салмағы 27 436 тонна болады.

Кеме мыңнан астам адамды тасымалдайды.

Онда толыққанды аурухана және 2 операциялық зал болады.

TCG Anadolu әсіресе оған шабуылдаушы ұшқышсыз ұшу аппараттарын орналастыру арқылы түрік флотының қуатын нығайтудың маңызды факторы болып есептеледі.

Айта кетейік осындай алып кеме әлемнің 12 елінде бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу