Түркияның Еуропалық Одаққа кіруін қолдаймын – Столтенберг

540

НАТО Бас хатшысы Столтенберг Түркияның Еуропалық Одаққа кіру мақсатын қолдайтынын жеткізді.  

Түркияның Еуропалық Одаққа кіруін қолдаймын – Столтенберг Фото: aa.com.tr

 

11-12 шілдеде Литваның астанасы Вильнюста өтетін саммитте Швецияның НАТО мүшелігіне қатысты оң шешім қабылдануы мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Президент Ердоғанның "алдымен Түркияға Еуропалық Одақтың жолын ашыңыз, содан кейін біз де Швецияға жол ашамыз" деген мәлімдемесін НАТО-ның Бас хатшысы қолдады.

Столтенберг Вильнюс саммиті алдында Түркияның Еуропалық Одаққа кіру мақсатын қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты да пікір білдірді.

"Швецияның НАТО-ға мүше болуы үшін жан-жақты жұмыс істеп жатырмыз. Вильнюс саммитінде Швеция үшін оң шешім қабылдануы мүмкін", - деді.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу