Түркияның іргесінде 938 рет жер сілкінді

184

100 жыл бұрын атқылаған Санторини секілді жанартаулардан келер қауіп көп болып тұр.

Түркияның іргесінде 938 рет жер сілкінді Фото: pixabay.com

10 күн ішінде Түркия мен Грекия шекарасына жақын жерде 1000-ға жуық жер дүмпуі болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сейсмологтар мұндай тұрақты сілкіністер жойқын зілзаланың белгісі болуы мүмкін екенін айтады. Әрі жер қозғалыстарының теңіз түбіндегі сөнген жанартауларды ояту қаупі де жоқ емес. Бұл аймақта 20-дан астам сөнген жанартау бар. Олардың ең ірісі саналатын Санторини жанартауы "қаһарына" мінсе, Эгей теңізінде цунами тудыруы мүмкін. Мысалы, 1925 жылы дәл осындай дүмпулерден соң жанартау атқылап, үлкен апатқа бастаған еді.

Танымал сарапшы Наджи Гёрюр Грекияға тиесілі Киклад архипелагының ең оңтүстігіндегі Санторини аралынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан ауданда "үлкен жарылу" қаупін айтқан.

Жалпы, Эгей теңізі аймағындағы Түркияның 5 өлкесінің, яғни Мугла, Измир, Айдын, Денизли және Маниса қалаларының мэрі артып келе жатқан қатерге жауап ретінде шұғыл саммит шақырылатынын хабарлаған.

Тиісінше, Грекия да қарап қалмайды. Елдің Премьер-министрі Кириакос Мицотакис дабылдың ең жоғары деңгейін жариялаған.

– Біз қазірдің өзінде болуы мүмкін апатқа дайындалып жатырмыз, – деді ол.

Қазіргі уақытта ұзындығы шамамен 30 шақырымды құрайтын жарықшақ бойының белсенділігі өте жоғары болып тұр. Дәл осы жарықшақ 1956 жылы магнитудасы 7,3 балл болған жер сілкінісіне себеп болған-ды. Сарапшылар цунамидің қаупін әрі қуаты 7-8 баллға жететін жерасты дүмпуінің болуы мүмкін екенін ашық болжап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу