Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, Түркия уақытымен кешкі сағат 9-дан кете Измирде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.
Зілзала 14,5 шақырым тереңдікте болды. Үрейленген тұрғындар бірден көшеге шыққан.
Измир қаласының әкімі Явуз Селим Көшгер жер сілкінісі туралы мәлімдеме жасады.
"Фоча ауданында 4,1 балдық жер сілкінісі болды. Адам шығыны немесе ғимараттар туралы мәлімет алған жоқпыз. Алла елімізді апаттан сақтасын" - деді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу