Түркияда өткен Ислам ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды

673

Ел құрамасы велоспорттың трек бөлімінде медаль саны бойынша көш бастады, деп жазады inbusiness.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Түркияда өткен Ислам ойындарында Қазақстан құрамасы екі алтын медаль жеңіп алды

Омниум дисциплинасы бойынша Рената Сұлтанова мен Артем Захаров топ жарды. Ресми ашылу салтанатына дейін біздің трекерлер барлығы 5 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Айта кету керек, Рената үшін бұл Ислам ойындарындағы үшінші чемпионат. Осылайша, ол скретч, жекелей жарыс және омниумда ең үздік ойын көрсетті. Әлішер Жұмақан – жекелей жарыс жеңімпазы. Сонымен қатар ол скретч бойынша қола жүлдегері атанды. Жалғыз күміс жүлдені Дмитрий Носков иеленді.

Жекелей жарыста қола медаль Марина Кузьмина, ал топтық жарыста Светлана Пащенкоға бұйырды. Қазақстан құрамасының велотрекшілері 9 марапатпен медальдық командалық жарысты жеңіп алды. Екінші орында БАӘ спортшылары, үздік үштікті Өзбекстан түйіндеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу