Түркияның құрылыс компаниялары "Shymkent City" жобасына қызығып отыр

1467

Түркияның құрылыс компаниялары "Shymkent City" жобасына қызығып отыр

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев құрылыс саласында түрлі жобаларды іске асырған түрік компанияларының жетекшілерімен кездесті.

Оңтүстік Қазақстанға инвестиция салуға ниетті "AKAY CONSTRUCTION INC" және "MESCIOGLU muhendislik ve musavirlik a.s." компаниялары жол құрылысы, тұрғын үй құрылысы саласы мен өлшеу аспаптарын өндіру және өзге де өндірістерде жұмыс істейді.

Басқосуда қос тарап, қалада тұрғын үй құрылысы саласында  бірлескен жобалар құруды және басқа өндірістік салаға түркиялық инвесторларды тарту жайын сөз етті.  Сонымен қатар, компания басшылары "Shymkent City" кешенінің құрылысына қызығушылық танытып отырғанын жеткізді, деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, MESCIOGLU компаниясы 10 жылдан бері Стамбұлдың автомобиль жолдары мен жол қиылыстары басқармасының жобаларын әзірлеп, көпір, өтпежол, тоннель және автобиль жолдары жобасында инжинирингтік қызметтер көрсетіп келеді.

Ал,  1985 жылы құрылған құрылыс компания "AKAY CONSTRUCTION INC" сол жылдар ішінде түрлі әлеуметтік нысандар мен университеттер, үлкен ойын-сауық орталықтарын және 8300 тұрғын үй кешені сынды тағы да басқа ғимараттар салған.

Аталған компаниялар жүргізілетін құрылыстың сапасы жоғары әрі салынатын әлеуметтік үйлердің бағасы төмен болатындығын айтып отыр.

Сапар барысында делегаттар "Қазақ-түрік" индустриалды аймағының жұмысымен танысып, облыстың кәсіпкерлерімен кездеседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу