Түркияның мектеп бағдарламасынан Дарвин ілімі алынып тасталды

987

Түркияның мектеп бағдарламасынан Дарвин ілімі алынып тасталды

Түркияның Білім және ғылым министрлігі Исмет Йылмаз Дарвин эвалюциясы жай ғана теория екенін мәлімдеді. Түрік оқушыларына бұдан былай Чарльз Дарвин эвоюлюциялық теориясы туралы айтылмайды. Бұл туралы Түркияның Білім және ғылым министрі Исмет Йылмаз мәлімдеді, деп хабарлайды Turkishminute порталына сілтеме жасаған 24Хабар.

Министрдің айтуынша, жаңа оқу бағдарламасы биылғы оқу жылына енгізіледі. Жоғары сыныптардың биология пәнінің оқулықтарынан эволюциялық теория алынып тасталды. Оның орнына қоршаған ортаның генетикалық өзгерістерге ықпалы туралы тарау қосылады.

Ведомство басшысы министрліктің бұл шешімі туралы журналистердің сұрағына Дарвин бойынша эволюция – "бұл жай ғана теория" деп жауап берді.

"Дарвиннің еңбегі – бұл тек теория, ғылым осылай дейді. Дәл осындай физикадағы Үлкен жарылыс теориясы бар. Бұл жеке талқылауды қажет етеді", – деп түсіндірді Исмет Йылмаз.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу