Түркияның орталық банк резерві 113 миллиард доллардан асты

427

Орталық банк апталық ақша және банк статистикасын жариялады.

Түркияның орталық банк резерві 113 миллиард доллардан асты Фото: aa.com.tr

Түркия Республикасы орталық банкінің жалпы резервтері алдыңғы аптамен салыстырғанда 2 миллиард 645 миллион долларға артып, 113 миллиард 62 миллион долларға жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Осыған сәйкес, 14 шілдеде орталық банктің жалпы валюта резерві 1 миллиард 545 миллион долларға артып, 71 миллиард 381 миллион долларға жеткен. Жалпы валюта қоры 7 шілдеде 69 миллиард 836 миллион доллар деңгейінде болды.

Аталған кезеңде алтын қоры 1 миллиард 101 миллион долларға дейін барды. Сөйтіп, 40 миллиард 580 миллион доллардан 41 миллиард 681 миллион долларға жетті.

Осылайша, орталық банктің жалпы резерві өткен аптада 110 миллиард 416 миллион долларға жетсе, осы аптада 113 миллиард 62 миллион долларға көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу