Түркияның орталық банкі инфляция жыл соңына қарай 58% құрайды деп болжайды

371

Сарапшылар бұған дейін инфляция 40% болатынын болжаған. 

Түркияның орталық банкі инфляция жыл соңына қарай 58% құрайды деп болжайды Фото: ИА Реалист

Түрік Орталық Банкінің басшысы Хафизе Гайе Эркан 2023 жылдың қорытындысы бойынша елдегі инфляция болжамының 22,3%-дан 58%-ға дейін өскенін растады, деп жазады Inbusiness.kz.

"Жыл қорытындысы бойынша инфляция 58% деңгейінде болжанады", — деді экономист.

Хафизе Гайе Эркан сонымен қатар сарапшылар аталмыш көрсеткіштің 40%-ға дейін көтерілуін күткенін айтады.

Түркиядағы экономикалық апатқа қарамастан, Орталық банк басшысы жағдайдың жақсарып келе жатқанын атап өтті. Мысалы, 2024 жылдың соңына қарай инфляция 33%-ға дейін, ал 2025 жылы 15%-ға дейін баяулайды деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу