Түркияның Ван қаласында 4 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
Апат және төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше бүгін Түркия уақытымен таңғы сағат 7:07-де Ванның Чалдыран ауданында 4 балдық жер сілкінісі болды. Тереңдігі 7 шақырымға жетті.
Айта кетейік 2011 жылы Ван қаласында 9 балдық зілзала тіркелген. Онда 650-ге жуық адам қаза тапқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу