Түркия Сирияның солтүстігіндегі "Евфрат қалқаны" атты әскери операциясын аяқтады, деп хабарлайды 24.kz.
Операция кезінде Джераблус қаласы жаудан тазартылды. Екі ел шекарасының 100 шақырымдық бөлігі де "Ирак пен Леванта лаңкестік тобынан" азат етілді. Бірқатар түрік жауынгері көрші ел аумағынан әлі шығарылған жоқ. Олар шекарааралық өңірдегі операцияларға қатысуы мүмкін.
Айта кеткен жөн, "Евфрат қалқаны" былтыр тамызда басталған болатын. Оның басты мақсаты – Сирияның солтүстік аудандарын "Ирак пен Леванта лаңкестік тобынан" азат етіп, онда босқындар үшін қауіпсіз аймақ құру.
Сондай-ақ әскери шара барысында күрт жасағының Евфрат өзенін кесіп өтуіне жол бермеу көзделген болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу