Түркияның Сирияға шабуылынан 525 адам мерт болды

1334

Түркия Сирияға жасаған шабуыл кезінде 525 содырдың көзін жойдық, деп хабар таратты.

Түркияның Сирияға шабуылынан 525 адам мерт болды

Естеріңізде болса, түріктер 9 қыркүйекте шекаралық аймақта орналасқан Рас эль-Айн қаласын атқылаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Олар "Күрдтердің жұмысшы партиясы" мен ДАИШ лаңкестерімен күресіп жатырмыз дейді. Сирияның демократиялық күштері мұндай басқыншылыққа жол бермейміз деп отыр.

Дамасктегі билік қалай да түріктерді елден ығыстыруды көздейді. Бүгінде Телль-Абьад және Рас-эль-Айн қалалары Түркия бақылауында.

Ердоған бастаған билік шекарадан 30 шақырым қашықтықтағы жерге дейінгі аралықта  қауіпсіздік аймағын құруды жоспарлауда. Шабуыл салдарынан күні кеше осы өңірде тұратын 26 бейбіт тұрғын оққа ұшты. Оның үшеуі сол жерден хабар таратуға келген – журналист.

БҰҰ түріктер бастаған әскери операция кесірінен 130 мың адам босып кеткенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу