Түркияның солтүстігінде шахтада апат болды

348

Салдарынан, бір адам қайтыс болды.

Түркияның солтүстігінде шахтада апат болды Фото: www.aa.com.tr

Тағы алты кенші әр түрлі дәрежедегі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, апат болған сәтте кен орнында 300-ге жуық қызметкер болған. 

Оларды оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар эвакуациялап алды. Төтенше жағдай Зонгулдак провинциясындағы Эрегли ауданында орналасқан шахтада тіркелді. Қазір оқиға орнында апаттың шығу себептерін анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу