Түркияның тағы екі қаласында жер сілкінді

973

Османие және Адана қалаларында 3,9 және 4 балдық зілзала тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Түркияның тағы екі қаласында жер сілкінді Фото: inbusiness.kz

Апат және төтенше жағдай басқармасының хабарлауынша, бүгін Түркия уақытымен сағат 12-ден 14 минут кеткенде Османие қаласының Дүзичи ауданында 3,9 балдық жер сілкінісі болды. Ол 7 шақырым тереңдікке жеткен.

Сонымен қатар кеше кешкі сағат 22:35-те Адана қаласында 4 балдық жер сілікінісі тіркелген. Оның тереңдігі де 7 шақырымды құраған. Қандай да бір қайғылы жағдай тіркелмеген. Сонда да халық көшеге шығып, үйден алыстауға тырысқан.  

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 48 мыңға жуықтаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу