Түркияның "Трабзонспор" футбол клубының жанкүйерлері Конференциялар лигасының плей-офф кезеңінде швейцариялық "Базельмен" болатын матч қарсаңында баннерді орналастырды.
Онда Түркиядағы жер сілкінісінен кейін үйінділердің астынан адамдарды шығаруға көмектескен қолында бала бар құтқарушы бейнеленген. Құтқарушының бас киімінде түріктерге жойқын зілзаланың салдарымен күресуге көмектесіп жатқан елдердің жалауларын көруге болады. Олардың арасында Қазақстанның да туы бар.
Айта кету керек, еліміздің ТЖМ мамандары Түркияның екі елдімекенінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Соңғы мәліметтер бойынша Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 36 мыңнан асты.