Түркияның жер сілкінген 11 облысында жаңа үйлердің іргетасы қаланды

3112

Түркия Үкіметі мүшелері мен партия жетекшілері басқосқан Қаһраманмараш қаласындағы жиында Режеп Тайып Ердоған тікелей эфирде жаңа үйлердің іргетасын құю процесін бастатты.  

Түркияның жер сілкінген 11 облысында жаңа үйлердің іргетасы қаланды Фото: media.az

Жоспарға сай, бір жыл ішінде 11 облыста 650 мың үй салынады. Оның 30 мыңнан астамы ауылдарда бой көтермек. Үйлердің биіктігі 4-5 қабаттан аспайды және тастақ жерлерге салынады.

Түркияның оңтүстік-шығысында бір жарым ай бұрын болған алапат жер сілкінісінен 50 мыңнан аса адам қайтыс болып, 500 мыңнан аса ғимарат қираған немесе бүлінген. Экономистер бұл апаттан Түркия экономикасына 100 млрд доллардан аса шығын келгенін айтады.

 

"Апат аймағында үйінділерді тазалау, уақытша баспана тұрғызу және жаңа үйлер салу сияқты жұмыстарды бір мезгілде жүргізіп жатырмыз. Бүгінге дейін қирандылардың жартысынан көбін тазаладық. Өңірде 525 мың шатыр, 32 мың контейнер орнаттық. Мамыр айына дейін 100 мың контейнер үй орнату жоспарда", - деп мәлімдеді Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу