Жер сілкінісінен кейін шарпыған өртті сөндіру мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz NTV түрік телеарнасына сілтеме жасап.
Ал бүгін өрт аумағы одан әрі ұлғайып, оны сөндіруге жағажай күзеті кемесі жұмылдырылды.
Порт бір күн бұрын жер сілкінісінен зақымданып, жұмысын тоқтатты. Теңіз айлағындағы жүк контейнерлерінің бірі аударылып, өртеніп кетті. От жалыны айлақтағы жүздеген контейнерлерге тез тарады.
Искендерун - Түркияның ең ірі порттарының бірі. Оның жүк айналымы 2022 жылдың қорытындысы бойынша 67,6 млн тоннаны құрады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу