Түркияның жетекші компаниялары Қазақстанға 1 млрд доллардан аса инвестиция салмақ

1218

Түркияға ресми сапарының екінші күні ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ыстанбұл қаласында болып, онда түрік іскер топтарының өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды  inbusiness.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Түркияның жетекші компаниялары Қазақстанға 1 млрд доллардан аса инвестиция салмақ

"Koc Holding", "Yildirim Holding", "TAV Holding", "Calik Holding", "Kibar Holding", "Atabay" және "Goknur Gida" атты жеті жетекші түрік холдингтерінің басшыларымен өткен келіссөздерде азық-түлік өнеркәсібі, машина жасау, тау-кен металлургия саласы, инфрақұрылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, химия өнеркәсібі және фармацевтика салаларындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

СІМ басшысы Қазақстан Түркиямен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды дамытуға зор мән беретінін мәлімдеді.

"Біз түрік инвесторларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Әрбір жоба мемлекетіміздің дамуы мен Қазақстан-Түркия стратегиялық серіктестігін одан әрі кеңейту үшін ерекше маңызға ие", - деді М.Тілеуберді.

Өз кезегінде Түркияның жетекші холдингтерінің басшылары Қазақстан олар үшін инвестициялық тартымды мемлекет екенін атап өтіп, елімізде өз жобаларын іске асыру үшін нақты ұсыныстар айтты. Атап айтқанда, бұл ұсыныстар инвестициялық преференциялар түрлерін ұлғайтуды, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуді, индустриялық және арнайы экономикалық аймақтардың жұмысын одан әрі жетілдіруді, кадрлар даярлауды және басқа да маңызды бағыттарды қамтыды.

Аталған холдингтердің орта мерзімді перспективада Қазақстанға салуға жоспарланған инвестицияларының көлемі 1 млрд АҚШ долларынан асады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу