Түркияның жоғары оқу орындары 3 сәуірден бастап ашылады

995

Түркиядағы зілзалаға байланысты университеттер қашықтан оқыту жүйесіне көшкен болатын.  

Түркияның жоғары оқу орындары 3 сәуірден бастап ашылады Фото: Immigrant Invest

Бүгін Түркияның жоғары білім кеңесінің төрағасы Эрол Озвар сәуір айынан бастап университеттер офлайн оқыту жүйесіне көшетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайтының тілшісі.  

Сонымен жоғары оқу орындары қай кезден бастап ашылады? Түркияда білім алып жатқан студенттердің көкейінде жүрген сауал осы. Қашықтан оқудан қажыған білімгерлер университеттердің ашылуын тағатсыздана күтіп жүргенге ұқсайды. 

Бүгін Түркияның жоғары білім кеңесінің төрағасы Эрол Озвар 3 сәуірден бастап университеттер жүзбе жүз білім беруге көшетінін айтты. Алайда  қашықтан білім алғысы келетін студенттер де онлайн сабаққа қатыса алады.

Озвардың айтуынша, жер сілкінісі аймағында орналасқан университеттердегі қызметкерлер саны шамамен 30 мыңды құрайды. Апат кезінде 1589 студент қаза тапқан.

Айта кетейік, 2023 жылдың 17 ақпанында жер сілкінісі салдарынан 2022-2023 оқу жылында қашықтықтан оқыту туралы шешім қабылданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу